Вторник, 3 февраля, 2026
"Бiртұтас тәрбие" Бағдарламасы«Адал азамат» бағдарламасыЖаңалықтар

«Заң және тәртіп“ айлығы

«Заң және тәртіп“ айлығы аясында 5–11 сынып оқушыларымен „Есірткі және жауапкершілік“, „Салауатты өмір салты — есірткіге жол жоқ“, „Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі“ тақырыптарында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Профилактикалық әңгімені Қостанай ауданы ПБ кезекші бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Баймурзин Т.К. және ОКП жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Әмірхан Н.И. жүргізді.
Одан әрі „Құқықтар мен жауапкершілік“ тақырыбында оқушылардың құқықтары мен міндеттері талқыланып, „Заң және тәртіп“ құндылықтарын қалыптастыру бойынша әңгіме әлеуметтік педагог Даирова У.Е. тарапынан өткізілді.