Пятница, 20 марта, 2026
"Бiртұтас тәрбие" Бағдарламасы«Адал азамат» бағдарламасыЖаңалықтар

Мектепте алғыс айту күні өткізілді

Алғыс айту күні қарсаңында 3-сынып оқушылары мектеп қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Оқушылар мектептің тазалығы мен жайлылығы үшін техникалық қызметкерлерге, дәмді ас үшін аспаздарға, сондай-ақ күн сайын көрсететін көмегі мен мейірімділігі үшін барлық мектеп ұжымына алғыс айтты.
Балалар жылы лебіздерін айтып, ашық хаттар табыстады, денсаулық пен амандық тіледі. Бұл күн өзгелердің еңбегін бағалаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.