Воскресенье, 7 декабря, 2025

Мектеп бойынша ақпарат

1967 жылы Садовое жетіжылдық мектебі пайдалануға берілді.
2008 жылы Садовое негізгі мектебі қайта ұйымдастырылып, Садовое орта мектебі болып өзгертілді.
Мекептің жалпы ауданы 2247 шаршы метрді құрайды. «Стратегия 2030» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы бойынша 2014 жылы мектепте күрделі жөндеу жүргізілді. Толық күндік болуы қарастырылған 30 орындық «Балапан» мини-орталығы ашылды, мектепалды даярлықтың екі сыныбы, 40 орындық жеке асхана іске қосылды. Спорт залы мен акт залы қайта жаңартылып, акт залы музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мектепте 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін оқушылар білім алу мүмкіндігі бар. 2025-2026 оқу жылы мектепте » 173 бала оқиды, 33 мұғалім сабақ береді. Сонымен қатар, мектепте шағын орталық, мектепке дайындық сыныбы бар. Оқушыларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған: асхана, акт залы, спорт залындағы секциялар жұмыс жасайды, жылы дәретханалар ұйымдастырылған.