Мектепте 2 сәуір күні Халқаралық балалар кітап күні аталып өтілді.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні 📚
1 «Б» сыныбында «Кітап — рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар балалар әдебиеті әлемімен танысып, сүйікті кітаптарын еске түсіріп, кітап оқудың әр адамның өміріндегі маңызын талқылады. Кітап балаларға жаңа білім ашып, қиялын дамытып, жақсылыққа тәрбиелейді. 7–8 «А» сыныптарында да Ұлжан Жексенбаевна сынып сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты:
Оқушыларға кітаптың маңыздылығын түсіндіру;
Кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Кітап сыйлау дәстүрімен таныстыру;
Балалар арасында рухани құндылықтарды насихаттау. Сабақ барысында оқушылар «Жүректен жүрекке кітап сыйлау» қағидасын ұстана отырып, бір-біріне кітап сыйлады. Кітаптар туралы қызықты деректер айтып, кітаптың адам өміріндегі орны жайлы ой бөлісті. Сондай-ақ, 8 «Б» сыныбында «Біз таңдайтын кітаптар» атты іс-шара өтті.
Оқушылар оқу маңыздылығы мен өздерінің сүйікті шығармаларын талқылады. ЖҚЕ аясында буын шығу мен күйік кезінде алғашқы көмек көрсету жолдары қарастырылды. Сонымен қатар «Абайлаңыз — селфи!» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ мазмұнды әрі танымды өтті. Дәл осы тақырыптағы іс-шара 9 «Б» сыныбында өтті.
Оқушылар тек көркем әдебиет туралы ғана емес, күнделікті пайдаланатын оқулықтар жайлы да пікір алмасты. Олардың қаншалықты түсінікті және қызықты екені талқыланды. «Қауіпсіздік сабағы» аясында «Қауіпті ұсыныстардан қалай сенімді түрде бас тартуға болады?» атты маңызды тақырып қарастырылды. Оқушылар ешқандай ақталусыз нық «Жоқ» деп айтуды үйренді.



