Суббота, 18 апреля, 2026
"Бiртұтас тәрбие" Бағдарламасы«Адал азамат» бағдарламасыЖаңалықтарОқушыларға арналған ақпаратСалауатты өмір салты

7 сәуір — біздің мектебімізде Денсаулық күні.

Бүгін біздің мектебімізде оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған Денсаулық күні ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара аясында оқушылар спорттық жарыстар мен командалық ойындарға қатысып, ұйымшылдықтарын, белсенділіктерін және нәтижеге жетуге деген ұмтылыстарын көрсетті. Сынып сағаттары мен түрлі іс-шаралар өткізілді. Балалар көңілді старттарға, ойындар мен эстафеталарға қатысып, ептілік, жылдамдық және командалық рух танытты 🤝 Сондай-ақ маңызды тақырыптар — дұрыс тамақтану мен салауатты әдеттер туралы әңгімелестік. Бұл күн мол әсер сыйлап, сергектік пен тамаша көңіл күй сыйлады! 😊