Воскресенье, 7 декабря, 2025
ЖаңалықтарКәсіптік бағдар беру

Мiржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне экскурсия

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 10 «Б» сынып оқушысы Нефедов Кирилл жоғары оқу ордасында өткен «Инженерлік істегі алғашқы қадамдар» атты шараға қатысты.
Қостанай ауданының мектеп оқушылары оқу бағдарламаларымен танысып, қабылдау комиссиясымен сұрақ-жауап сессиясына қатысты, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды және заманауи зертханаларды аралап көрді.
Кирилл машина жасау, энергетика және ІТ бағыттары бойынша өткізілген профориентациялық іс-шараларға қатысып, болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін маңызды мәліметтер алды.