Вторник, 3 февраля, 2026
"Бiртұтас тәрбие" Бағдарламасы«Адал азамат» бағдарламасыЖаңалықтарҚР Президентің ЖолдауыОқушыларға арналған ақпарат

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар

Бүгін 1,2»А»-сыныпта «Тәуелсіздік тұғырым» сынып сағаты өтті.
Тәуелсіздік – бұл біздің еліміздің еркіндігі мен азаттығы. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Сол күннен бастап еліміз өз алдына дербес мемлекет болды.

Тәуелсіз елдің өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Бұл – біздің мемлекеттік рәміздеріміз. Әр азамат оларды құрметтеуі керек.

Тәуелсіздік бізге бейбіт өмір, білім алу және бақытты болу мүмкіндігін сыйлады. Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Сондықтан Отанымызды сүйіп, жақсы оқып, тәртіпті болуымыз керек.